Балқаш қаласы әкімінің «Балқаш қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2024 ж.

    Балқаш қаласы әкімінің «Балқаш қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШТІМ:

    1. Балқаш қаласы әкімінің 2023 жылғы 08 маусымдағы «Балқаш қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2023 жылы 12 маусымында №182732 жарияланған) №1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    С. Сатаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.