Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2721 «Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 2721 «Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспедегі «4 тармағына» деген сөздері «4, 5 тармақтарына» деген сөздерімен ауыстырылсын;
қаулы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
«Келісілді: Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е.Қалиев».
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орал қаласының әкімі
М.Сатқанов
Келісілді:
Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е.Қалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.