Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 наурыз 2024 ж.

    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсынылсын.

    Жол жүру құжаттарының (екі жаққа да, кері қарай да) негізінде темір жол не жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша жол жүргені үшін медициналық көмек алған жағдайда науқас пен оны алып жүретін адамның (бір адамнан аспайтын) жол жүру құнын төлеу жүргізілсін.

    2. Дәрігерлік – консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) анықтамасында сүйемелдеу бойынша ұсынымдар болған кезде науқасты алып жүретін бір адамға жол жүру құнының 100 пайызы мөлшерінде жергілікті бюджет қаражатынан тегін жол жүру (бару және қайту) ұсынылсын.

    3. Медициналық айғақтар бойынша елді мекеннен тысқары жерлерге емделуге жіберілетін науқастар және экономикалық сыныптағы әуе көлігінде алып жүретін науқас (бір адамнан аспайтын) адамдар жол жүрсе, ДКК қорытындысы бойынша шектеу көрсеткіштері болған кезде төлем толық көлемде (екі жаққа да) жүргізілсін.

    4. Әуе көлігінде ДКК қорытындысында рұқсат болмаған кезде медициналық айғақтар бойынша елді мекеннен тыс емделуге жіберілетін науқастардың және науқасты алып жүретін (бір адамнан аспайтын) адамдарының жол жүруі, теміржол көлігінің жедел поездінің купе вагоны билетінің орташа құнынан аспайтын мөлшерде төлем жүргізілсін (екі жаққа да).

    5. Жол жүру құнын төлеу емдеу орнынан шығарылған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылған келесі құжаттар негізінде 45 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады:

    1) емдеуге жолдама (көшірме);

    2) ДКК қорытындысы (көшірме);

    3) ауру тарихынан үзінді (көшірме);

    4) пациенттің жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі (көшірме) және пациентті алып жүретін адамның жеке куәлігі (көшірме) (алып жүру жағдайларында);

    5) жол жүру билеттері (түпнұсқа) (пойыз, автобус);

    6) екінші деңгейдегі банктердегі банк шотының нөмірі туралы хабарлама (KZ+18 сан).

    6. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Жамбыл облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 21-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30090 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы

    А. Нуралиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.