Мәртөк ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк ауданы бойынша 2024 жылға туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.