Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 332 «Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2024 ж.

    Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 332 «Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 332 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7498 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Турымов

    Ырғыз аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 18 наурыздағы

    № 115 шешіміне қосымша

    Ырғыз аудандық мәслихатының

    2020 жылғы 21 қыркүйектегі

    № 332 шешіміне 2 қосымша

    Ырғыз ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын:

    1) жаппай жерлеу орындарында;

    2) темір жол, су, автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;

    4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр;

    5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда - 800 метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.