Кербұлақ ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Кербұлақ ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Кербұлақ ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы

    К. Бекиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.