«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырылсын.

    2. Пилоттық жобаның қолданылу мерзімі осы бірлескен бұйрық күшіне енген күнінен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін айқындалсын.

    3. Мыналар:

    1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пилоттық жоба іске асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізбесі;

    2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.

    4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

    5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

    7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    __________Е. Саденов

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    __________Б. Мусин

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы

    __________К. Умаров

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 246,

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 166/НҚ мен

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 11-1-4/113

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    20__жылғы «___» _________

    №_____________,

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрінің

    20__ жылғы ________ №___________,

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрінің

    20__ жылғы «___» __________

    №___________,

    бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Пилоттық жоба жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізбесі

    1. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі.

    2. Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі.

    3. Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Елшілігі.

    4. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі.

    5. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі.

    6. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі.

    7. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі.

    8. Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі.

    9. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі.

    10. Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі.

    11. Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі.

    12. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі.

    13. Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі.

    14. Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі.

    15. Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі.

    16. Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі.

    17. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшілігі.

    18. Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі.

    19. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі.

    20. Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі.

    21. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі.

    22. Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі.

    23. Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі.

    24. Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Елшілігі.

    25. Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі.

    26. Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі.

    27. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі.

    28. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі.

    29. Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі.

    30. Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі.

    31. Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі.

    32. Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі.

    33. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі.

    34. Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі.

    35. Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігі.

    36. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі.

    37. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі.

    38. Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі.

    39. Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі.

    40. Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі.

    41. Қазақстан Республикасының Оман сұлтандығындағы Елшілігі.

    42. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі.

    43. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі.

    44. Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі.

    45. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі.

    46. Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі.

    47. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі.

    48. Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі.

    49. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі.

    50. Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі.

    51. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігі.

    52. Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі.

    53. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі.

    54. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі.

    55. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі.

    56. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі.

    57. Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі.

    58. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі.

    59. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі.

    60. Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі.

    61. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі.

    62. Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Елшілігі.

    63. Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі.

    64. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі.

    65. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі.

    66. Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі.

    67. Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі.

    68. Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы Бас консулдығы (Түркия Республикасы).

    69. Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).

    70. Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).

    71. Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы (Иран Ислам Республикасы).

    72. Қазақстан Республикасының Джидда қаласындағы Бас консулдығы (Сауд Арабиясы Корольдігі).

    73. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы (Біріккен Араб Әмірліктері).

    74. Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).

    75. Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).

    76. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).

    77. Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).

    78. Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы (Америка Құрама Штаттары).

    79. Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).

    80. Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы (Корея Республикасы).

    81. Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығы (Өзбекстан Республикасы).

    82. Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).

    83. Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы (Америка Құрама Штаттары).

    84. Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).

    85. Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығы (Француз Республикасы).

    86. Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).

    87. Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы (Түркия Республикасы).

    88. Қазақстан Республикасының Барселона қаласындағы Консулдығы (Испания Корольдігі).

    89. Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы (Иран Ислам Республикасы).

    90. Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Консулдығы (Беларусь Республикасы).

    91. Қазақстан Республикасының Ганновер қаласындағы Консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).

    92. Қазақстан Республикасының Дамаск қаласындағы Консулдығы (Сирия Араб Республикасы).

    93. Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Консулдығы (Қырғыз Республикасы).

    94. Қазақстан Республикасының Торонто қаласындағы Консулдығы (Канада).

    95. Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қаласындағы Консулдығы (Түрікменстан).

    96. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Бонн қаласындағы Елшілігінің бөлімшесі.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 246,

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 166/НҚ мен

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 11-1-4/113

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    20__жылғы «___» __________

    №_____________,

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрінің

    20__ жылғы «___» __________

    №____________,

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрінің

    20__ жылғы «___» __________

    № ___________,

    бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алгоритмі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азматтарына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырудың негізгі мақсаты шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы мемлекеттік қызметтер алуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және ұйымдастыру болып табылады.

    3. Осы Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмінде (бұдан әрі – Алгоритм) келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

    1) визуалды тексеру аймағы – машинамен оқылатын жол жүру құжатының визуалды тексеруге арналған, яғни алдыңғы және артқы жағында (қолданылатын жерде) және машинамен оқылатын аймақ ретінде белгіленбеген бөліктері;

    2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;

    3) Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адам (бұдан әрі – консул) – Қазақстан Республикасының атынан консулдық округтің шегінде консулдық функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері;

    4) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) – Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

    5) машинамен оқылатын аймақ – машинамен оқылатын жол жүру құжатының деректер бетінде бөлінген және машинамен оқу үшін қалыптастырылған міндетті және факультативтік деректерді қамтитын белгіленген мөлшердегі аймақ;

    6) тіркеу куәлігі – ЖСН болуын растайтын тіркеуші орган беретін құжат;

    7) Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелері – Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері.

    2-тарау. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ЖСН қалыптастыру тәртібі

    4. Мемлекеттік қызметті өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйым атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – қызметті беруші) шетел азаматтарына көрсетеді.

    5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.

    Шетелдік азаматтың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемесіне жүгінген күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    6. Қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесіне жеке өзі жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы (егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, жарамды шетелдік паспорт).

    Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латынша нақтылау деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жері) болмаған жағдайда, құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беріледі.

    Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

    Ескерту: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін арнайы куәлік рәсімдеу талап етілмейді.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

    8. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде консул:

    1) құжаттарда көрсетілген мәліметтердің шынайылығын, сондай-ақ осы Алгоритмнің 6-тармағында көрсетілген тізімге сәйкестігін тексереді;

    2) ЖСН қалыптастыруға өтінімді ХҚКО БАЖ-да тіркеуді жүзеге асырады.

    Консул ХҚКО БАЖ-да ЖСН қалыптастыруға арналған өтінімде машинамен оқылатын аймаққа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) бойынша деректерді, ал визуалды тексеру аймағына сәйкес туған күні, туған жері, азаматтығы бойынша деректерді толтырады.

    9. ХҚКО БАЖ-дан ЖСН қалыптастыруға өтінімдер көші-қон полициясының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КҚП АЖ) орындауға келіп түседі.

    10. Қызмет берушінің операторы келіп түскен өтінімдерді тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН қалыптастыру рәсімін жүргізеді.

    Қызмет берушінің операторы көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі КҚП АЖ арқылы қалыптастырылған ЖСН туралы мәліметтерді ХҚКО БАЖ-ға жібереді.

    11. Консул осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес тіркеу куәлігін басып шығарып қызметті алушыға береді.

    12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға төмендегідей жағдайларда осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖСН қалыптастырудан бас тарту туралы хабарлама ұсынады:

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;

    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

    3) көрсетілетін қызметті алушыда бұрын тіркелген ЖСН анықталуы.

    13. Төтенше жағдай және (немесе) КҚП АЖ істен шыққан, байланыс арнасы болмаған жағдайда немесе хабарламалардың жіберілуіне кедергі келтіретін басқа жағдайлар болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық ақаулардың туындағаны анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою бойынша шаралар қолданады (Астананың уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін).

    14. Консул шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруға арналған өтінімдерді растауға және мемлекеттік қызметтер көрсету барысында белгілі болған мәліметтерді заңсыз жария еткені үшін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзғаны үшін дербес жауапты болады.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.

    16. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    17. Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    18. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 246,

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 166/НҚ мен

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 11-1-4/113

    «Қазақстан Республикасының

    шет елдердегі мекемелері

    арқылы шетел азаматтарына

    жеке сәйкестендіру нөмірлерін

    қалыптастыру» мемлекеттік

    қызметін көрсету жөніндегі

    пилоттық жобаны іске

    асыру алгоритміне

    1-қосымша

    Нысан

    кімге __________________________

    _______________________________

    (лауазымы, тегі және аты-жөні)

    кімнен _________________________

    (тегі, аты және әкесінің аты)

    _______________________________

    ____________________

    (шетелдік мемлекеттің атауы) азаматы(шасы)

    Өтініш

    ______________________________________________ үшін жеке сәйкестендіру нөмірін беруді сұраймын. Аты латын транскрипциясында _____________________________________________ кириллица транскрипциясында _________________________________________ Тегі латын транскрипциясында _____________________________________________ кириллица транскрипциясында _________________________________________ Әкесінің аты (бар болған жағдайда) латын транскрипциясында _____________________________________________ кириллица транскрипциясында _________________________________________ Туған күні __________________ Жынысы ________________________________ Азаматтығы ___________________ Ұлты _________________________________ Келген елі __________________ Жеке басын куәландыратын құжат түрі __________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі ________________________________ Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні _________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі _________________ Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел ___________________________ Туған жері___________________________________________________________ Ел ___________________________Облыс_________________________________ Аудан __________________________Мекенжайы__________________________

    Мен жоғарыда көрсетілген дербес деректерді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (БСН 960340000514) мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (БСН 160440007161) жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезеңге, дербес деректерді өндеу процесінде оларды трансшекаралық беруге, осы мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге, жинау мен өндеуге өз келісімімді беремін.

    Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    __________________ (қолы, күні)

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 246,

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 166/НҚ мен

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 11-1-4/113

    «Қазақстан Республикасының

    шет елдердегі мекемелері

    арқылы шетел азаматтарына

    жеке сәйкестендіру нөмірлерін

    қалыптастыру» мемлекеттік

    қызметін көрсету жөніндегі

    пилоттық жобаны іске

    асыру алгоритміне

    2-қосымша

    Нысан

    Тіркеу куәлігі
    Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):
    Тегі
    Аты
    Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    Туған күні
    Туған жері
    Берген мекеме ҚР Ішкі Істер министрлігі
    Берілген кезі
    Жеке басты куәландыратын құжатты ұсынған кезде жарамды
    Регистрационное свидетельство
    Индивидуальный идентификационный номер(ИИН):
    Фамилия
    Имя
    Отчество (при его наличии)
    Дата рождения
    Место рождения
    Орган выдачи Министерство внутренних дел РК
    Дата выдачи
    Действительно только при предъявлении документа, удостоверяющего личность

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 246,

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 166/НҚ мен

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 11-1-4/113

    «Қазақстан Республикасының

    шет елдердегі мекемелері

    арқылы шетел азаматтарына

    жеке сәйкестендіру нөмірлерін

    қалыптастыру» мемлекеттік

    қызметін көрсету жөніндегі

    пилоттық жобаны іске

    асыру алгоритміне

    3-қосымша

    Нысан

    Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

    Тегі
    Аты
    Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    Туған күні
    Туған жері
    Берген мекеме ҚР Ішкі Істер министрлігі
    Берілген күні
    Бас тарту себебі
    Фамилия
    Имя
    Отчество (при его наличии)
    Дата рождения
    Место рождения
    Орган выдачи Министерство внутренних дел РК
    Дата выдачи
    Причина отказа

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.