2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2024 ж.

    2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы

    «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін:

    15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні:

    оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    Х. Байысбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.