«Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2024 ж.

    «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13195 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 60) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    Б. Мусин

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

    2024 жылғы 19 наурыздағы

    № 169/НҚ бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің міндетін атқарушының

    2016 жылғы 25 қаңтардағы

    №58 бұйрығымен

    бекітілген

    Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 60) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

    1) абоненттік нөмір – шарт жасасу кезінде абоненттің пайдалануына бөлінетін, оның көмегімен басқа абоненттік жабдықпен қосылу орнатылатын және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

    2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

    3) биометриялық аутентификация – физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілер негізінде жеке басын сәйкестендіретін шаралар кешені;

    4) бір реттік пароль – электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу субъектілерін аутентификациялаудың бір ғана сеансы үшін жарамды пароль;

    5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысының сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

    6) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

    7) порталдағы пайдаланушының есептік жазбасы (бұдан әрі – пайдаланушының есептік жазбасы) – пайдаланушыны тану (сәйкестендіру) және «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіндегі оның дербес деректері мен баптауларына қол жеткізу үшін қажетті, порталда сақталатын пайдаланушы туралы электрондық ақпараттық ресурстардың жиынтығы;

    8) «электрондық үкіметтің» мобильді қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуге болатын бағдарламалық өнім;

    9) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электрондық түрде көрсетуге және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.

    3. Осы Қағидалардың күші жеке тұлғаларға жататын абоненттер үшін қолданылады.

    2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу тәртібі

    4. «Абоненттік нөмірді порталдың есептік жазбасына қосу» мемлекеттік қызметін алу үшін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал немесе ақпараттандыру объектілері (мобильді қосымша) арқылы электрондық нысанда сұрау салуды жібереді.

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі осы Қағидаларға қосымшада көзделген.

    5. Мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

    1) абонент порталда авторизацияланады;

    2) порталдағы пайдаланушы кабинетінде «Тексеру кодын алу» функциясын басу арқылы абоненттік нөмір енгізіледі, портал қалыптастыратын және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік пароль алады және сұрау салуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

    3) Қағидалардың 5-тармағы 2) тармақшасының талаптарын сәтті орындаған кезде сұранысты автоматты түрде өңдеу және абоненттік нөмірді порталдың есептік жазбасына қосу жүзеге асырылады, нәтижесінде тіркелген нөмір туралы мәліметтер абоненттің порталдағы жеке кабинетінде көрсетіледі.

    6. Ақпараттандыру объектісі (мобильді қосымша) арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде мынадай іс-әрекеттер орындалады:

    1) ақпараттандыру объектісінде (мобильді қосымша) қолда бар электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәліктерін пайдалану немесе жаңа тіркеу куәліктерін шығару жолымен авторландыру әрекетін таңдау жүзеге асырылады;

    2) көрсетілген абоненттік нөмірге портал қалыптастыратын және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмір және бір реттік пароль енгізіледі және биометриялық аутентификациядан өтеді;

    3) Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасының шарттары сәтті орындалған кезде сұранысты автоматты түрде өңдеу және абоненттік нөмірді порталдың есептік жазбасына қосу жүзеге асырылады. Тіркелген нөмір туралы мәліметтер ақпараттандыру объектісінде (мобильді қосымша) абоненттің бейінінде көрсетіледі.

    7. Ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттің абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеу және қосу ақпараттандыру объектілерінде сақталған нөмір болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда ақпараттандыру объектілерінде (екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында) сақталған нөмірді тексеру, пайдаланушының биометриялық аутентификациясы және қысқа мәтіндік хабарлама түрінде абоненттік нөмірге бір реттік пароль енгізу арқылы тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жолымен ақпараттандыру объектілерінде (екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында) цифрлық құжаттарды қарауға рұқсат беру (екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында) кезінде жүзеге асырылады.

    8. Порталдың жеке кабинетінде және ақпараттандыру объектісінің (мобильді қосымша) профилінде тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған абоненттік нөмірді өзгерту жаңа абоненттік нөмірді және порталда көрсетілген абоненттік нөмірге қалыптастыратын және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде және одан әрі электрондық цифрлық қолтаңбасы бар куәлікпен жаңа абоненттік нөмірді және бір реттік парольді енгізу жолымен жүзеге асырылады.

    9. Абонент абоненттік нөмірге портал қалыптастырған және жіберген қысқа мәтіндік хабарлама түрінде алған бір реттік пароль дұрыс енгізілмеген және/немесе абоненттің биометриялық аутентификациясынан өтпеген жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу үшін порталдың есептік жазбасына қосу жүргізілмейді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    «Ұялы байланыстың абоненттік

    құрылғысы арқылы электрондық

    нысанда мемлекеттік және өзге

    де көрсетілетін қызметтерді

    алу үшін, ұялы байланыс

    операторы беретін абоненттің

    абоненттік нөмірін тіркеу және

    оны «электрондық үкіметтің»

    веб-порталының есептік жазбасына

    қосу қағидаларына

    қосымша

    «Абоненттік нөмірді «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    1) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал);
    2) ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі («элек­трон­дық үкі­мет­тің» мо­биль­ді қо­сым­ша­сы, екін­ші дең­гей­лі банк­тер­дің мо­биль­ді қо­сым­ша­ла­ры).
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі – 10 (он) ми­нут
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Пай­да­ла­ну­шы­ның же­ке ка­би­не­т­ін­де­гі «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның есеп­тік жа­з­ба­сы­на қо­сы­л­ған або­нент­тік нө­мір ту­ра­лы мә­лі­мет неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    Пор­тал және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі («элек­трон­дық үкі­мет­тің» мо­биль­ді қо­сым­ша­сы, екін­ші дең­гей­лі банк­тер­дің мо­биль­ді қо­сым­ша­ла­ры) – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Пор­тал­ға және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­ріне («элек­трон­дық үкі­мет­тің» мо­биль­ді қо­сым­ша­сы, екін­ші дең­гей­лі банк­тер­дің мо­биль­ді қо­сым­ша­ла­ры):
    або­нент­тің або­нент­тік нө­мі­рі­нің ти­е­сі­лі­лі­гін рас­тау үшін пор­тал­мен құ­ры­л­ған және жі­бе­рі­л­ген қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма тү­рін­де­гі або­нент­тік нө­мір­ге бір рет­тік па­роль­ды алу ар­қы­лы элек­трон­дық сұ­рау са­лы­на­ды және қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­мен ку­әлан­ды­ра­ды
    же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зы ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің «Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы» және «Сәй­кестен­ді­ру нө­мір­ле­рі­нің ұлт­тық ті­зі­лім­де­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10
    Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі, ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі ар­қы­лы, сон­дай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.