Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 60/1 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6119 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі
О. Таурбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Теміртау қалалық
сайлау комиссиясы
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 16/11
Теміртау қаласы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
|
№ п/п
|
Елді мекеннің атауы
|
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны
|
|
1.
|
Теміртау қаласы
|
Чернышевский көшесі, «Мимино» кафесінің жанындағы «Үгітплакат» стенді
|
|
2.
|
Теміртау қаласы
|
Республика даңғылы бойындағы, «Старт» аялдамасы жанындағы, «Қазақстаның халык банкі» акционерлік қоғам ғимаратының жанындағы ақпараттық тақталар
|
|
3.
|
Теміртау қаласы
|
Республика даңғылы, Ескі қала саябағындағы ақпараттық стенд
|
|
4.
|
Ақтау кенті
|
Карл Маркс көшесі, «Ақтау» мәдени-бос уақыт өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық стенд
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.