«Жуалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 67-7 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы
Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жуалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 67-7 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің № 3 қосымшасындағы «150» деген саны «800» деген санымен ауыстырылсын.
2. «Жуалы аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жуалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы
З. Бурлибаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.