Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 5/10 «Тереңкөл ауданында шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының «Тереңкөл ауданында шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 5/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 жылға Тереңкөл ауданында шетелдіктер туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы
Р. Габидулин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.