Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қостанай облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 229-15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«229-15. «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне:» деген бөлімде:
реттік нөмірі 406-21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«406-21. «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».
3. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
41
|
«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
|
Рудный қаласы
».
4. «Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:
17-1-тармақта:
«Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;».
5. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесінде:
реттік нөмірі 25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«25. «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».
_____________________________________
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.