Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысы.

    2. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары мен заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгерістер енгізу және «Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1205 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 679 қаулысы.

    3. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 80 қаулысы.

    _____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.