Елтай ауылдық округі Елтай ауылындағы көшелерге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 наурыз 2024 ж.

    Елтай ауылдық округі Елтай ауылындағы көшелерге атау беру туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 1 ақпандағы қорытындысы негізінде және Елтай ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Елтай ауылдық округі Елтай ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    Қазақстан - 2 шағын ауданының № 4 атауы жоқ көшесіне Есенжол Домбаев көшесі;

    Қазақстан - 2 шағын ауданының № 8 атауы жоқ көшесіне Жанай Беркалиев көшесі;

    Қазақстан - 2 шағын ауданының № 11 атауы жоқ көшесіне Уахит Көбенғалиев көшесі.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Елтай ауылдық округінің әкімі

    Д. Сариев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.