«Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына және 654-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттары айқындалсын.»;
көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 17 қарашадағы
№ 911 қаулысына
қосымша
Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттары
1. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бағалы қағаздардың (инвестициялық пай қорларының пайларын және борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) сауда-саттығын жүзеге асырған кезде бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер бойынша мынадай өлшемшарттар қатар сақталады:
1) бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 25 (жиырма бес) миллион теңгені құрайды;
2) бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер саны күнтізбелік айда кемінде 50 (елу) мәмілені құрайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда инвестициялық пай қорлары пайларының сауда-саттығын жүзеге асырған кезде бағалы қағаздармен орындалған мәмілелер бойынша мынадай өлшемшарттар қатар сақталады:
1) инвестициялық пай қорларының пайларымен жасалатын мәмілелер көлемі күнтізбелік айда кемінде 20 (жиырма) миллион теңгені құрайды;
2) инвестициялық пай қорларының пайларымен жасалатын мәмілелер саны күнтізбелік айда кемінде 10 (он) мәмілені құрайды.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасын және 654-бабының 3) тармақшасын қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін биржаларда бір шығарылым шегінде борыштық бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асырған кезде ашық сауда-саттық әдісімен орналастырылған және осы шығарылым айналысындағы борыштық бағалы қағаздардың көлемі бойынша кемінде 1 (бір) миллиард теңгені құрайтын өлшемшарт сақталады.
_______________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.