Шектеу іс-шараларын алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 12 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 02-08-04/54 ұсынысы негізінде Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді ауылы Қ.Жазықов көшесі №76 үйдің мүйізді ірі-қара малдар арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралары жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 12 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі
А. Ергалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.