«Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 наурыз 2024 ж.

    «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің қосымшасында:

    Қарғалы ауданы бойынша:

    Желтау ауылдық округі бойынша – 140-жолы «Шәмші Қалдаяқов ауылы» алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы 140-1 жолмен толықтырылсын:

    «

    Шәмші Қалдаяқов ауылы
    140-1
    Шәмші Қалдаяқов ауылы
    105
    »;
    Мұғалжар ауданы бойынша:
    Батпақкөл ауылдық округі – мынадай мазмұндағы 231-1 жолмен толықтырылсын:
    «
    231-1
    Шеңгелші ауылы
    75
    »;
    Құмжарған ауылдық округі бойынша – 252-жолы «Шеңгелші ауылы» алып тасталсын;
    Темір ауданы бойынша:
    Сарыкөл ауылдық округі бойынша – 302-жолы «Сарыкөл» ауылы» алып тасталсын;
    Шалқар ауданы бойынша:
    Бозой ауылдық округі бойынша – 354-жолы «Қоянқұлақ ауылы» алып тасталсын;
    Есет Көтібарұлы ауылдық округі бойынша – 360-жолы «Алақозы ауылы» алып тасталсын.
    2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Суентаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.