Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 18 наурыз 2024 ж.
Бөрлі ауданында 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі ауданында 2024 жылы бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Мәслихат төрағасы
К. Ермекбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.