Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 ақпан 2024 ж.

    Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) туралы ереженің 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Жоғары аудиторлық палата ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі БҰЙЫРАДЫ:

    1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары бекітілсін.

    2. «Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 6-НҚ және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 51, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 76, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 20 бірлескен нормативтік қаулысының және бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13679 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мүшесіне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры

    __________Б. Асылов

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

    __________Д. Малахов

    Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы

    __________А. Жұмағали

    Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы

    __________Н. Годунова

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокуроры

    2024 жылғы 12 наурыздағы

    № 37,

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг

    агенттігінің төрағасы

    2024 жылғы 1 наурыздағы

    № 1,

    Қазақстан Республикасының

    Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы іс-қимыл агенттігінің

    (Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы қызмет) Төрағасы

    2024 жылғы 21 ақпандағы

    № 41 мен

    Қазақстан Республикасының

    Жоғары аудиторлық палатасының

    2024 жылғы 9 ақпандағы

    № 4-НҚ Нормативтік қаулымен

    бұйрықпен бірлесіп

    бекітілген

    Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) мемлекеттік аудит материалдарын (бұдан әрі – мемлекеттік аудит материалдары) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – қылмыстық қудалау органдары) беру кезінде Жоғары аудиторлық палатаның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура), қылмыстық қудалау органдарының өзара іс-қимыл рәсімін регламенттейді.

    2. Қағидалардың мақсаты азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде қажетті шараларды қамтамасыз ету болып табылады.

    3. Қағидалар жіберілетін мемлекеттік аудит материалдарының және олар бойынша қабылданған процестік шешімдердің анықтығы мен заңдылығы қағидаттарына негізделеді.

    4. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын қылмыстық қудалау органдарына беруіне:

    1) Жоғары аудиторлық палата анықтаған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын бұзушылықтар (бұдан әрі – бұзушылықтар) бойынша нұсқамаларды мемлекеттік аудит объектісінің орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

    Аудиторлық іс-шаралармен мүдделері қозғалған мемлекеттік аудит объектісі, кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды беру дауларды реттеудің сот тәртібі сақталғаннан кейін жүзеге асырылады;

    2) заңдарда белгіленген құзыреттер шегіндегі негіздер бойынша қылмыстық қудалау органдарының және Бас прокуратураның сұрау салуы.

    Жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтитын, сұратылатын мемлекеттік аудит материалдары прокурордың санкцияланған сұрау салуы, не сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстық қудалау органдарының қаулысы негізінде, сондай-ақ Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі – АЕК) енгізілген материалдар шеңберіндегі сұрау салулар негізінде беріледі.

    3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚПК) 180-бабының 1-бөлігінде санамаланған себептер негіз болып табылады.

    5. Қылмыстық қудалау органдарының және прокуратураның аумақтық органдарының сұрау салулары Жоғары аудиторлық палатаға қылмыстық қудалау органдарының және Бас прокуратураның орталық аппараттары арқылы жіберіледі.

    2-тарау. Мемлекеттік аудит материалдарын беру тәртібі

    6. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша нұсқамалар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған, шағымдану үшін мерзімдер сақталған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін ҚПК-нің 181-бабы 3-бөлігінің талаптары сақтала отырып, прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органдарына беріледі. Нұсқамаларға шағым жасалған жағдайда материалдар дауларды реттеудің сот тәртібінен кейін беріледі.

    7. Мемлекеттік аудит материалдарын беру «Документолог» электронды құжат айналымының жүйесімен (бұдан әрі – БҚА) жіберу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар мемлекеттік аудит материалдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жіберіледі. Мемлекеттік аудит материалдарының көлемі үлкен болған жағдайда ілеспе хатқа қосымшаларды тек қағаз жеткізгіштерде жіберуге рұқсат етіледі.

    8. Жүйеленген, Жоғары аудиторлық палатаның мөрімен куәландырылған мемлекеттік аудит материалдарын беру тізімдеме бойынша жүзеге асырылады.

    9. Мемлекеттік аудит материалдары:

    1) Жоғары аудиторлық палата қаулысының (нұсқамасының) көшірмесін;

    2) нұсқаманың орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны туралы еске салу хатының көшірмесін;

    3) аудит қорытындыларына шағымдану жөніндегі құжаттарды қоса бере отырып, сот актілерінің көшірмелерін (дауларды реттеудің сот тәртібі жағдайларында);

    4) Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық қорытындысынан бұзушылықтар фактісіне қатысты үзіндіні;

    5) аудиторлық есептің ажырамас бөлігі болып табылатын, онда тіркелген бұзушылық фактілерін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, аудиторлық есептің көшірмесін;

    6) мемлекеттік аудит объектісі қарсылықтарының, түсіндірмелерінің және оларға Жоғары аудиторлық палата жауабының (олар болған жағдайда) көшірмелерін қамтиды.

    10. Анықталған фактіге қатысты құжаттардың аудиторлық есепке қоса тіркелмеуі орын алған жағдайда, олардың көшірмелері берілетін мемлекеттік аудит материалдарына қоса тіркеледі.

    11. Жоғары аудиторлық палата қылмыстық қудалау органдары және Бас прокуратура сұратқан мемлекеттік аудит материалдарын ҚПК-нің 34-бабының талаптарына сәйкес жазбаша сұрау салу келіп түскен және оның БҚА-да тіркелген кезінен бастап үш күн мерзімде жібереді.

    12. Алынған мемлекеттік аудит материалдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда, оларды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеу жөнінде шаралар қабылдана отырып, қылмыстық қудалау органдары АЕК-ке енгізеді.

    13. Алынған мемлекеттік аудит материалдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған не оларды СДТБТ-да тіркеу үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай материалдар өзге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жіберілмей, қайтарудың негіздері мен себептерін көрсете отырып, қосымша тексеруді жүзеге асыру үшін оларды қылмыстық қудалау органдары Жоғары аудиторлық палатаға прокуратура органдары арқылы қайтарады.

    14. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын қадағалауды жүзеге асыру үшін қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ Бас прокуратура бақылауға қоюы тиіс.

    15. Жоғары аудиторлық палатаның тіркелген мемлекеттік аудит материалдары бойынша процестік шешімді қылмыстық қудалау органдары не олардың аумақтық бөлімшелері қабылдайды.

    16. Қылмыстық қудалау органдары Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын АЕК-де, ал одан әрі СДТБТ-да тіркегеннен кейін ҚПК-нің 179 және 180-баптарының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды.

    17. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит материалдары бойынша қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

    18. Бас прокуратура, қылмыстық қудалау органдары өз бастамасы тәртібімен сұратылатын мемлекеттік аудит материалдары бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер туралы Жоғары аудиторлық палатаға хабарлайды.

    19. Қағидалардың 17-тармағына сәйкес:

    қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілерді дербес тіркеу және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін мемлекеттік аудит материалдарынан бөліп алу;

    Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын басқа да сотқа дейінгі іс жүргізуге қосу жағдайлары хабардар етілуі тиіс.

    20. Жоғары аудиторлық палатаның қылмыстық қудалау органдарына берген мемлекеттік аудит материалдары бойынша, Бас прокуратураның, қылмыстық қудалау органдарының өз бастамасы тәртібімен сұрататын материалдар бойынша ақпарат Қағидаларға қосымшаға сәйкес жасалады (бұдан әрі – кесте).

    21. Кесте жобасын оларды АЕК-де және СДТБТ-да тіркеу және қабылданған процестік шешімдер туралы Бас прокуратураның, қылмыстық қудалау органдарының барлық қолда бар хабарламаларын көрсете отырып Жоғары аудиторлық палата қалыптастырады және есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей қылмыстық қудалау органдарына бір мезгілде жібереді.

    22. Кесте жобасына алдыңғы салыстырып тексеру актілерін жасау кезінде өткен жылдардың түпкілікті процестік шешім қабылданбаған не мұндайды қадағалаушы прокурор жойған материалдары енгізіледі.

    23. Қылмыстық қудалау органдары кесте жобасын кесте жобасы толтырылған күнгі жағдай бойынша материалдарды тіркеу және олардың қозғалысы, қабылданған шешімдер, соның ішінде процестік шешімдер туралы мәліметтермен толықтырады.

    24. Кестеде мемлекеттік аудит материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы, оның ішінде өтелген залал сомалары туралы деректер (бюджетке өтелген, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтірілген және (немесе) есепке алу бойынша көрсетілген кезде) көрсетіледі.

    25. Қылмыстық қудалау органдары кесте жобасын қажетті мәліметтермен толықтырғаннан кейін есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Жоғары аудиторлық палатаға жинақтау үшін және Бас прокуратураға келісу үшін жібереді.

    26. Бас прокуратура кесте жобасы келіп түскен кезден бастап он бес күнтізбелік күн ішінде оның толықтығы мен анықтығына, соның ішінде СДТБТ-ның дерекқорын пайдалана отырып тексеру жүргізеді, сондай-ақ оны процестік шешімдердің заңдылығын тексеру нәтижелері туралы мәліметтермен толықтырады.

    27. Бас прокуратура кестенің пысықталған жобасын есепті айдан кейінгі айдың 30-нан кешіктірмей қол қою үшін Жоғары аудиторлық палатаға жібереді.

    28. Кестеге Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен Жоғары аудиторлық палатамен өзара іс-қимыл жасауға жауапты болып белгіленген Бас прокуратураның, қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшыларының орынбасарлары қол қояды.

    29. Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың ауыстырылғаны туралы Жоғары аудиторлық палата алдын ала хабардар етіледі.

    30. Кестеде көрсетілуі тиіс мәліметтердің толықтығы қамтамасыз етілмеген жағдайда, жоба үш жұмыс күні ішінде кемшілікке жол берген тиісті орган тарапынан пысықтауға жатады.

    31. Қайта келісу көрсетілген кемшіліктер жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларына

    қосымша

    Нысан

    Қылмыстық қудалау органдарына берілген _______ жылғы мемлекеттік аудит материалдары бойынша ақпарат

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Жо­ға­ры ауди­тор­лық па­ла­та­сы (бұ­дан әрі – ЖАП) тол­ты­ра­ды
    ЖАП-тың қа­улы­сы (нұс­қа­ма­сы) (қа­был­дан­ған кү­ні, нө­мі­рі, то­лық ата­уы)
    Тек­се­рі­л­ген мем­ле­кет­тік аудит объ­ек­ті­сі­нің ата­уы
    Ма­те­ри­ал­дар­ды жі­бе­ру­ге ба­ста­ма­шы (ЖАП, БП, СЖ­ҚІА және ҚМА)
    Бұ­зу­шы­лық фак­ті­сі­нің си­патта­ма­сы
    Бе­рі­ле­тін бұ­зу­шы­лық фак­ті­сі бой­ын­ша со­ма (мил­ли­он тең­ге)
    Бе­рі­ле­тін бұ­зу­шы­лық фак­ті­сі со­ма­сы­нан аудит ба­ры­сын­да өтел­ге­ні (мил­ли­он тең­ге)
    Ма­те­ри­ал­дар­ды бе­ру­дің шы­ғыс № мен кү­ні
    ___________­жы­лы жі­бе­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дар
    кестенің жалғасы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы (бұ­дан әрі – БП), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі (Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы қыз­мет) (бұ­дан әрі – СЖ­ҚІА) және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі (бұ­дан әрі – ҚМА) тол­ты­ра­ды
    Ма­те­ри­ал­дар­ды алу­дың кі­ріс № және кү­ні
    Ақ­па­рат­ты есеп­ке алу кі­та­бы­на (бұ­дан әрі – АЕК) ақ­па­рат­ты ен­гі­зу № және кү­ні
    Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі­нің (бұ­дан әрі – СДТ­БТ) № және кү­ні
    Ма­те­ри­ал­дар­ды бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның 14-тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес қа­был­дан­ған өзге де ше­шім­дер
    Сот­қа дей­ін­гі іс жүр­гі­зу тір­кел­ген адам­дар­дың ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), те­гі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық ко­дексi­нің бап­та­ры бой­ын­ша сот­қа дей­ін­гі іс жүр­гі­зу­дің сот­қа жі­бе­рі­л­ген кү­ні
    Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­дің ақ­тал­май­тын негіз­дер бой­ын­ша тоқ­та­ты­л­ған кү­ні
    Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­дің ақ­та­ла­тын негіз­дер бой­ын­ша тоқ­та­ты­л­ған кү­ні
    Іс жүр­гі­зі­лу­де (иә/жоқ)
    кестенің жалғасы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық-про­це­стік ко­дексi­нің (бұ­дан әрі – ҚПК) 45-ба­бы тар­мақ­та­ры­ның тәр­ті­бі­мен сот­қа дей­ін­гі іс жүр­гі­зу­ді тер­геп-тек­се­ру мер­зім­де­рі­нің тоқ­та­ты­л­ған кү­ні және негі­зі
    Анық­тал­ған за­лал со­ма­сы (мил­ли­он тең­ге)
    Өтел­ген за­лал со­ма­сы (мил­ли­он тең­ге)
    Қа­да­ға­ла­у­шы про­ку­рор­дың қа­был­да­ған ше­ші­мі
    кінә­лі­лер­ді өзге де жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту үшін мем­ле­кет­тік аудит ма­те­ри­ал­да­рын уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға бе­ру (хат де­ректе­ме­ле­рі және кім­ге жі­бе­ріл­ді) 11-ба­ған­нан
    оның ішін­де
    ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі­нің 1) тар­ма­ғы бой­ын­ша
    ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі­нің 2) тар­ма­ғы бой­ын­ша
    ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі­нің 5) тар­ма­ғы бой­ын­ша
    ҚПК-нің 45-ба­бы 7-бө­лі­гі­нің 7) тар­ма­ғы бой­ын­ша
    өзге де негіз­дер бой­ын­ша
    әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа
    тәр­тіп­тік жа­у­ап­ты­лық­қа
    ___________­жы­лы жі­бе­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дар

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.