Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 82 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 82 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлiк құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11819 болып тіркелген);

    2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11819 болып тіркелген).

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі əкімшілендіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    Н. Байбазаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазастан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.