Нұсқаның өзектілігі
Құжаттың күші жойылған
Ақсу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшері 4% (төрт пайыздан) 2% (екі пайызға) дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Сулейменов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.