Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексі 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы
Т. Бейсқали
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.