Астана қаласының мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Нұр-Сұлтан қаласының көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 356/45- VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1210 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.