«Пайданылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы №43-3 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 – бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» Талас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы №43-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3989 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас аудандық мәслихатының төрағасы
К. Садубаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.