«Ганимед Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 наурыз 2024 ж.

    «Ганимед Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, 2020 жылы 21 желтоқсандағы № 1080-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Ерейментау ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ганимед Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Ерейментау ауданының Қойтас ауылдық округі әкімшілік шекараларында 2026 жылдың 21 желтоқсанға дейін жалпы ауданы 27,0 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

    2. «Ганимед Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

    1) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;

    2) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Н.Мұқатов

    Ерейментау ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы «01» наурыздағы

    № а-2/61 қаулысына

    қосымша

    Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында қауымдық сервитут белгіленетін Ерейментау ауданы Қойтас ауылдық округі әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскелері

    Кадастрлық нөмері
    Жерпайдаланушы
    Жер учаскесінің орналасқан жері
    Жария сервитутпен ауыртпалық түсіретін жерлер, гектар
    Жер санаты
    1
    01-006-022-734
    «Agro Innova» ЖШС
    Қойтас ауылдық округінің әкімшілік шекараларында
    9,0
    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
    2
    01-006-022-757
    Зейнилкабиден Мейрамович Алдибеков
    Қойтас ауылдық округінің әкімшілік шекараларында
    18,0
    ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
    Барлығы
    27,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.