Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы «Железин ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» № 62/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 наурыз 2024 ж.

    Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы «Железин ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» № 62/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы «Железин ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» № 62/8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынаң 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Железин аудандық мәслихатының төрағасы

    Т. Даулетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.