Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 525 «Қарағанды қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2024 ж.

    Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 525 «Қарағанды қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 525 «Қарағанды қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5913 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Төраға

    А. Букенов

    Қарағанды қалалық мәслихатының

    2024 жылғы 28 ақпандағы

    № 16/133

    шешіміне қосымша

    Қарағанды қалалық мәслихатының

    2020 жылғы 24 маусымдағы

    № 525 шешіміне

    2 қосымша

    Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

    1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қарағанды қаласының келесі объектілерінде кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

    1) жаппай жерлеу орындары;

    2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

    3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

    4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

    5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.