Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 102 «Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2024 ж.

    Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 102 «Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 102 «Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6493-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Төраға

    А. Букенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.