Ақсуат ауылдық округі Ж. Маханбетов ауылындағы көшені атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 наурыз 2024 ж.

    Ақсуат ауылдық округі Ж. Маханбетов ауылындағы көшені атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ж. Маханбетов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақсуат ауылдық округі Ж. Маханбетов ауылының № 15 көшесіне Амангелді Жұматайұлы атауы берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Н. Бақытов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.