Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлерін арттыру туралы» Шу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 3-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлерін арттыру туралы» Шу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 3-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4908 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының мәслихат төрағасы
Ж. Абенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.