Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы № 10-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 наурыз 2024 ж.

    Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7260-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    2-тараудың 7-тармағының 1)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) ауруын дәлелдейтін анықтамаға сәйкес емделудің амбулаторлық кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    К. Каменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.