«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/167 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 наурыз 2024 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/167 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/167 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

    1) кірістер - 48 463 мың теңге:

    салықтық түсімдер - 3 144 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түскен - 1 548 мың теңге;

    трансферттер түсімі - 43 771 мың теңге;

    2) шығындар - 49 945,1 мың теңге;

    3) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге:

    бюджеттік несиелер - 0 мың теңге;

    бюджеттік несиелерді өтеу - 0 мың теңге;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

    қаржылық активтерді сатып алу - 0 мың теңге;

    мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

    5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 1 482,1 мың теңге;

    6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 482,1 мың теңге:

    қарыздардың түсуі - 0 мың теңге;

    қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

    бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 482,1 мың теңге.»;

    келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

    «1-1. Амангелді ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 2023 қаржы жылында аудандық бюджеттен 1,1 мың теңге сомасында бөлінген нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын.»;

    келесі мазмұндағы 1-2 тармақпен толықтырылсын:

    «1-2. Амангелді ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бос қалдықтар есебінен шығыстар 4 -қосымшаға сәйкес қарастырылсын.»;

    5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «5. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, соның ішінде:

    еңбекақы төлеу қорына және ағымдағы шығыстарға;

    елді мекенде көшелерді жарықтандыруға;

    елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға;

    Амангелді ауылдық округінде мал қорымын дайындау және орнату үшін.

    Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.

    аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    аталған шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

    Е. Тұтқышев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.