«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 наурыз 2024 ж.

    «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:

    2-тармақта:

    3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

    «3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

    мынадай редакциядағы 40) тармақшамен толықтырылсын:

    «40) дактилоскопиялық тіркеу – дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызметі.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. УТР мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушылар елде болу мақсатына қарай осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы УТР беру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнамамен тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – қызмет берушіге) не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүгінеді.

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының не өкілеттіктерде көзделген іс әрекеттерді жүзеге асыруға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша немесе заңды тұлғаның бұйрығы немесе сенімхат бойынша сенім білдірілген адамның жеке қатысуы қажет.

    Қажетті мәліметтерді қамтитын және ХҚКО БАЖ-бен және (немесе) порталмен біріктірілген ақпараттық жүйелер болған кезде ақпараттық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады. Бұл ретте тиісті мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

    Қазақстан Республикасының аумағында 16 жасқа толған көшіп келушілерге УТР мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органдарына не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы көшіп келуші 16 жасқа толған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүгінеді.

    Дактилоскопиялық тіркеуден өту үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болу орны бойынша аумақтық полиция органдарына жүгінеді.»;

    9-1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды, оның ішінде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қабылдағаннан кейін:

    1) ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толықтығын тексереді;

    2) «Бүркіт» БАЖ мәліметтері бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі туралы ақпаратты тексереді;

    3) ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер қоры бойынша соттылығы және іздестірілуі, алдыңғы болу кезеңінде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін орындалмаған міндеттемелердің болуы туралы мәліметтерді тексереді;

    4) ақпараттық жүйеде шетелдіктің және оның бірге келген отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерінің бар-жоғын тексереді;

    5) Заңның 43-2-бабының 5-тармағы негізінде үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі еңбек шарттары негізінде жұмыс берушіге берілген қолданыстағы УТР санын тексеру;

    6) ақпараттық жүйеде «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімнің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеру»;

    7) ақпараттық жүйеде шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеру.

    Өтінімнің дұрыстығы және мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады, басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

    Егер УТР беруге өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы ХҚКО БАЖ-ға жолдайды. Мемлекеттік корпорация операторы УТР басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

    Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

    Егер УТР беруге өтінім портал арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.

    УТР ресімдеуге құжаттар көрсетілетін қызметті беруші арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы:

    1) мемлекеттік қызметті алуға уақтылы жүгінген, бірақ ақпараттық жүйелердің іркілуі салдарынан болу мерзімдері өтіп кеткен (Мемлекеттік корпорация мен көрсетілетін қызметті беруші қол қойған іркіліс актісі болған кезде);

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен аспайтын кезең ішінде Қазақстан Республикасынан шықпағаны үшін халықтың көші-қоны саласындағы бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты қабылданады (қалған жағдайларда құжаттарды қабылдауға жол берілмейді).».

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына 1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 11 наурыздағы

    № 219 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Шетелдіктерге және азаматтығы

    жоқ адамдарға

    Қазақстан Республикасында

    уақытша және тұрақты тұруға

    рұқсат беру қағидаларына

    1-қосымша

    ____________________________

    қала, облыс

    Полиция департаменті

    ____________________________

    өтініш берушінің, заңды тұлға

    ____________________________

    өкілінің тегі, аты әкесінің аты

    (бар болған жағдайда)

    ____________________________

    тұрақты тұрғылықты жері

    (заңды тұлғалар үшін – заңды

    тұлғаның тіркелу мекенжайы)

    ____________________________

    үй, ұялы телефондары

    Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама

    Қазақстан Республикасына ___________________________________________________________ (оқу, емдеу, миссионерлік, бизнес-көшіп келушілер, еңбек қызметін жүзеге асыру, отбасымен бірігу немесе ҚР-да тұрақты тұруға), не болмаса адам саудасының құрбаны ретінде анықталғандар және сәйкестендірілгендер) мақсатында келген мынадай шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

    № р/р
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) (ша­қы­ры­л­ған адам­ның пас­пор­ты­мен қа­таң сәй­кест­ікте тол­ты­ры­ла­ды)
    Аза­мат­тығы, құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
    Ту­ған кү­ні
    Ту­ған же­рі
    Ұл­ты
    Жы­ны­сы
    Елі, ме­кен­жайы және тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі
    Ше­тел­дік­тің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Қазақстан Республикасына бірге келген отбасы мүшелері, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалары туралы мәліметтер _______________________________.
    № р/р
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) (ша­қы­ры­л­ған адам­ның пас­пор­ты­мен қа­таң сәй­кест­ікте тол­ты­ры­ла­ды)
    Аза­мат­тығы, құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі
    Ту­ған кү­ні
    Ту­ған же­рі
    Кө­шіп ке­лу­ші­мен туы­стық дә­ре­же­сі
    Ұл­ты
    Жы­ны­сы
    Елі, ме­кен­жайы және тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі
    Ше­тел­дік­тің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерінің мекенжайы
    (мекенжайдың тіркеу кодын растаумен)

    ______________________________________________________ (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше, № үй, корпус, пәтер)

    Үй, ұялы телефондары:__________________

    Уақытша тұруға рұқсат қандай мерзімге алады:

    20___ жылғы «__»___бастап 20____ жылғы «___»_______дейін.

    Қабылдаушы тарап туралы мәліметтер:

    Жеке басты куәландыратын құжат_____№____ 20___ «___» ___ бастап ________ дейін

    қолдану мерзімімен берілген жеке сәйкестендіру нөмірі

    №_________________________________

    Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік: атауы ____________________________

    №_______________ 20___ «____»__________,

    бизнес сәйкестендіру нөмірі №___________________

    (Қабылдаушы тараптың атауы)

    Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына, ел аумағында жүріп-тұруы және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 518-бабына, Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес белгілі бір болу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан шығуды қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі туралы ескертілді.

    20 __ жылғы «___» ________________________________________________

    (өтініш берушінің қолы)

    Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20____жылғы «____» ____ ______(Өтініш берушінің қолы)

    Өтініш-сауалнама 20___жылғы «____» _______________ қабылданды.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 11 наурыздағы

    № 219 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Шетелдіктерге және азаматтығы

    жоқ адамдарға

    Қазақстан Республикасында

    уақытша және тұрақты тұруға

    рұқсат беру қағидаларына

    1-1-қосымша

    «Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көрcе­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
    1. Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға от­ба­сы­ның қай­та қо­сы­луы­на бай­ла­ны­сты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру;
    2. Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру;
    3. Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға қа­зақ­стан­дық оқу орын­да­рын­да бі­лім алу үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру;
    4. Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға қа­зақ­стан­дық ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер­де ста­ци­о­нар­лық ем­де­лу­ден өту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру;
    5. Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға мис­си­о­нер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру;
    6. Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға (биз­нес-кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге)Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру.
    7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да адам са­уда­сы­ның құр­ба­ны ре­т­ін­де анық­тал­ған және сәй­кестен­ді­рі­л­ген кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру;
    8. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат алу үшін іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на жү­гін­ген кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру.
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші;
    2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция);
    3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www. egov. kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға неме­се пор­тал ар­қы­лы қа­жет­ті құ­жат­тар па­ке­тін тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 30 ми­нут;
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 20 ми­нут;
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс (сен­бі, жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да (са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін).
    Өті­ніш­ті қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ра­ды.
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру және өті­ніш­тер қа­был­дау Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі­де са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ра­ды.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, пор­тал ар­қы­лы «элек­трон­дық ке­зек­ті» бронь­да­у­ға бо­ла­ды.
    3) пор­тал­да - жөн­деу жұ­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (қыз­мет алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған кез­де, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін­де жү­гін­ген жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де бе­рі­ле­ді).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Ми­ни­стр­лік­тің www. mvd. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Ми­ни­стр­лік ту­ра­лы» бө­лі­мін­де, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі құ­ры­лым­дық бө­лі­ні­сте­рі­нің Веб-ре­сур­ста­ры» кі­ші бө­лі­мін­де;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www. gov4c. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    3) www. egov. kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы өті­ніш бер­ген кез­де:
    1. Осы Ше­тел­дік­тер­ге және аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша және тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат­тар бе­ру қа­ғи­да­лар­ға (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар)
    1-қо­сым­ша­ға сәй­кес уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы өті­ніш-са­у­ал­на­ма.
    2. Ви­за­сыз бо­лу ту­ра­лы ке­лі­сім­дер ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған ше­тел­дік­тің не аза­мат­тығы жоқ адам­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа са­лы­сты­ру үшін ұсы­ны­ла­ды);
    3. Ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­дың кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа са­лы­сты­ру үшін ұсы­ны­ла­ды) (Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ ел­де­рі­нің аза­мат­та­рын қо­с­па­ған­да (бұ­данә­рі-ЕА­ЭО).
    4. Егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы кө­шіп ке­лу­ші­ге оның уа­қыт­ша тұ­руы үшін бе­рі­ле­тін тұр­ғын үй­дің мен­шік ие­сі бо­лып та­был­ма­са, кө­шіп ке­лу­ші­нің тұ­руы­на но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған ке­лі­сім.
    5. «Дак­ти­ло­ско­пи­я­лық және ге­ном­дық тір­ке­уді жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2018 жы­л­ғы 31 қаң­тар­да­ғы № 36 қа­улы­сы­на сәй­кес ше­тел­дік­тің неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ның дак­ти­ло­ско­пи­я­ла­удан өтуі ту­ра­лы анық­та­ма.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің кі­ші тү­ріне бай­ла­ны­сты мы­на­лар­ды қо­сым­ша ұсы­на­ды:
    1) Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға от­ба­сы­ның қай­та қо­сы­луы­на бай­ла­ны­сты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын адам­мен от­ба­сы­лық қа­ты­на­стар­ды рас­тай­тын құ­жат.
    2) Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту­ға рұқ­сат;
    жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген ше­тел­дік­тің бі­лік­ті­лік сәй­кест­і­гі ту­ра­лы анық­та­ма неме­се рұқ­сат; ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге же­ке тұ­лға­лар­да ең­бек қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бер­ген рұқ­сат;
    ЕА­ЭО аза­мат­та­ры үшін - уәкі­лет­ті ор­ган­да (Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі) – «ЕШЕБЖ» ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу­дың бі­рың­ғай жүй­е­сін­де тір­кел­ген ең­бек шар­ты неме­се жұ­мыстар­ды орын­дау (қыз­мет­тер көр­се­ту) жө­нін­де­гі аза­мат­тық-құқық­тық шарт;
    Іш­кі кор­по­ра­тив­ті ауы­сты­ру бой­ын­ша неме­се қыз­мет көр­се­ту ту­ра­лы заң­ды тұ­лға­лар ара­сын­да­ғы шар­тты іс­ке асы­ру шең­бе­рін­де қыз­мет­тік іс­са­пар­ға жі­бе­ру ту­ра­лы бұй­рық;
    ак­кре­дит­теу мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген жур­на­ли­стің ак­кре­дит­тел­ге­нін рас­тай­тын құ­жат.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лық­тың кө­ші - қо­ны са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­на және/неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­ға сәй­кес осы тар­мақ­ша­ның екін­ші, үшін­ші, төр­тін­ші, бе­сін­ші, ал­тын­шы және же­тін­ші аб­зац­та­рын­да көр­се­ті­л­ген рұқ­сат­тар­ды алу та­лап етіл­мей­тін кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге, сон­дай-ақ олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­ріне уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат жыл сай­ын ұзар­ту мүм­кін­ді­гі­мен бір жы­л­ға ре­сім­де­ле­ді, бі­рақ ең­бек шар­ты­ның неме­се жұ­мыстар­ды орын­дау (қыз­мет­тер көр­се­ту) жө­нін­де­гі аза­мат­тық-құқық­тық шар­ттың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нен ас­па­у­ға ти­іс;
    «Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғын­да (бұ­дан әрі -АХ­ҚО) қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру мақ­са­тын­да ке­лу­дің және бо­лу­дың ви­за­сыз тәр­ті­бі ту­ра­лы ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­ры бар ел­дер­ден Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на кел­ген кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге, сон­дай-ақ олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­ріне уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат жыл сай­ын ұзар­ту мүм­кін­ді­гі­мен бір жы­л­ға ре­сім­де­ле­ді, бі­рақ ол ең­бек шар­ты­ның неме­се жұ­мыстар­ды орын­дау (қыз­мет­тер көр­се­ту) жө­нін­де­гі аза­мат­тық-құқық­тық шар­ттың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нен ас­па­у­ға ти­іс;
    Ке­лу­дің және бо­лу­дың ви­за­сыз тәр­ті­бі ту­ра­лы ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар бар мем­ле­кет­тер­ден кел­ген АХ­ҚО ин­ве­сти­ци­я­лық ре­зи­дент­те­ріне, сон­дай-ақ олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­ріне уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат АХ­ҚО әкім­ші­лі­гі­нің өті­ні­ш­ха­ты бой­ын­ша жыл сай­ын ұзар­ту мүм­кін­ді­гі­мен бір жы­л­ға, бі­рақ бес жыл­дан ас­пай­тын мер­зім­ге ре­сім­де­ле­ді. Бұл рет­те, ин­ве­сти­ци­я­лық ре­зи­дент­тің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің уа­қыт­ша тұ­руы­на ар­нал­ған рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі ин­ве­сти­ци­я­лық ре­зи­дент­тің уа­қыт­ша тұ­руы­на ар­нал­ған рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нен ас­па­у­ға ти­іс.
    3) Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға қа­зақ­стан­дық оқу орын­да­рын­да бі­лім алу үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы оқу ор­ны­ның қол­да­ухаты негі­зін­де.
    4) Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға қа­зақ­стан­дық ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­лер­де ста­ци­о­нар­лық ем­де­лу­ден өту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ор­на­лас­қан ме­ди­ци­на­лық ұй­ым бер­ген, ше­тел­дік­ті неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да­рын­да ем­деу неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­да­рын­да ем­де­ліп жа­тқан ше­тел­дік па­ци­ент­ке, сон­дай-ақ жа­қын туы­ста­ры­на - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры­на не Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұ­ра­тын ше­тел­дік­тер­ге тұ­рақ­ты кү­тім жа­сау қа­жет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар.
    5) Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға мис­си­о­нер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    ді­ни қыз­мет са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік рет­те­уді жү­зе­ге асы­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны бер­ген ку­ә­лік.
    6) Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға (биз­нес-кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    «Ха­лық­тың кө­ші - қо­ны ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі-Заң) 40-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­га­ны (кә­сіп­кер­лік мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша) бер­ген құ­жат.
    7) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да адам са­уда­сы­ның құр­ба­ны ре­т­ін­де анық­тал­ған және сәй­кестен­ді­рі­л­ген кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    «Кө­шіп ке­лу­ші­лер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ке­лу­і­нің және он­да бо­луы­ның, сон­дай-ақ олар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан ке­ту­і­нің қа­ғи­да­ла­рын және Кө­ші-қон ба­қы­ла­у­ын жү­зе­ге асы­ру, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­нан заң­сыз өте­тін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да заң­сыз бо­ла­тын ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ды, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на ке­лу­ге тый­ым са­лын­ған адам­дар­ды есеп­ке алу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 қаң­тар­да­ғы № 148 қа­улы­сы­на сәй­кес жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның өті­ні­ш­ха­ты.
    8) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат алу үшін іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­на жү­гін­ген кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да уа­қыт­ша тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат­ты ре­сім­деу үшін бұ­рын бе­рі­л­ген өті­ніш болған жағ­дай­да.
    Шет ті­лін­де жа­сал­ған құ­жат­тар мем­ле­кет­тік не орыс ті­ліне ауда­ры­лу­ға жа­та­ды.
    «Но­та­ри­ат ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 80-ба­бы­на сәй­кес но­та­ри­ус бір тіл­ден екін­ші ті­л­ге аудар­ма­ның дұ­ры­стығ­ын ку­әлан­ды­ра­ды.
    Егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­тта өзге­ше көз­дел­ме­се, шет мем­ле­кет­тер би­лі­гі­нің қа­ты­суы­мен жа­сал­ған неме­се осы би­лік­тен шы­ға­тын құ­жат­тар мен ак­ті­лер «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сул­дық жар­ғы­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2016 жы­л­ғы 25 сәу­ір­де­гі № 240 Жар­лы­ғы­ның 60-тар­ма­ғы­на сәй­кес заң­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да қа­ра­у­ға қа­был­да­на­ды.».
    Ше­тел­дік­тің дак­ти­ло­ско­пи­я­лық тір­ке­уі­нің бар-жо­ғы ту­ра­лы, «Ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ақ­па­рат­тық жүй­е­де тек­се­ре­ді.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту де­ректе­рі мен мә­лі­метт­те­рі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ры­луы бой­ын­ша;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша.
    10
    Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы неме­се пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет» ар­қы­лы ала ала­ды;
    2) дене мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту үшін жағ­дай­лар көз­дел­ген, ғи­ма­рат­тар­ға кі­ре­тін жер­лер пан­дустар­мен жаб­дық­тал­ған, кү­ту­ге ар­нал­ған крес­ло­лар бар;
    3) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www. mvd. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 11 наурыздағы

    № 219 Бұйрыққа

    3-қосымша

    Шетелдіктерге және азаматтығы

    жоқ адамдарға

    Қазақстан Республикасында

    уақытша және тұрақты тұруға

    рұқсат беру қағидаларына

    3-қосымша

    «Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі
    1
    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
    Аумақтық полиция органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)
    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
    Құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру:
    1) көрсетілетін қызметті беруші;
    2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
    3
    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
    Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн;
    көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
    көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
    4
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
    Қағаз түрінде
    5
    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
    Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
    6
    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, төлем мөлшері – мемлекеттік баж төленетін күнге анықталған 4 айлық есептік көрсеткіш.
    7
    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі
    1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндері демалыс, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
    2) Мемлекеттік корпорацияда – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру және өтініштер қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00 дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00 дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
    Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы «электрондық кезекті» броньдауға болады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Министрлік туралы» бөлімінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің Веб-ресурстары» кіші бөлімінде;
    2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
    8
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті алушы (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері көрсетілетін қызметті алушыға және Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде:
    1) осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауланама;
    2) көрсетілетін қызметті алушының шетелдік паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс.
    3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33001 тіркелген) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы не «Халықтын көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем қабілеттілігін растаудан босатуға арналған негіздердің болуын куәландыратын құжат;
    4) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды және Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
    5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
    6) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне кемінде күнтізбелік 180 күн қою туралы жеке және заңды тұлғамен (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттігін растайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін)нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған өтініш.
    7) «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттарының бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы (028/у медициналық анықтама);
    8) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
    9) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.
    10) сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін, оларға қатысты «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар – Қазақстан Республикасының ұлттық жұмыстар жіктеушісінің (бұдан әрі - ҰЖЖ) тобын және ҰЖЖ талаптарына (кәсібі, дағдыларының деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) сәйкестігін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органның қолдаухатын.
    11) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялық тіркеу рәсімінен өткенін растайтын анықтама.
    3), 4), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.
    Өзге мемлекеттің азаматтығын, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме арқылы ресімдеген және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.
    Ата-анасымен не ата-анасының бірімен келген жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызметті алушы, не оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы) Қазақстан Республикасының азаматы не шетел азаматы, немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда 1), 2), 5), 6), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ он алты жасқа толмаған баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған жағдайда, екінші ата-анасынан (ата-анасының екеуінен де) нотариалдық расталған өтініш-келісім ұсынады.
    Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.
    Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетел мемлекеті биліктерінің қатысуымен немесе сол билік тарапынан шыққан құжаттар мен актілер «Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған кезде қаралуға қабылданады.
    9
    Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз
    Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:
    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес:
    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
    2. «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:
    1) заңсыз келгендерге, сонымен қатар жасалған қылмысы үшін тумасы болып табылатын елдің заңнамасымен қудаланатын азаматтарға;
    2) сотталғанға дейін тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
    3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
    4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынбаған;
    5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
    6) ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздыртқан;
    7) іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталғандар;
    8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырғандар;
    9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы барлар;
    10) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік әрекетке қатысы бары туралы мәліметтер болған кезде, себептері түсіндірілместен;
    11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтініш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
    12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;
    13) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген сәтке бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберілген;
    14) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
    15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқандар;
    16) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
    17) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
    18) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
    19) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;
    20) егер бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
    21) егер бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса.
    Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 15) және 17) тармақшалары қолданылмайды.
    10
    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысандаы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mdai.gov.kz интернет ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.