Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (ТМД СЭҚ ТН) өзгерістеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен;
2) Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: бірінші жолдың 2-бағанындағы "010600900" деген сан "01060090" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
сегізінші жолдың 1-бағанындағы "Сары фосфор" деген сөздер "Сары ("ақ") фосфор" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші жолдың 2-бағанындағы "280470000" деген сан "280470001" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.