«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 наурыз 2024 ж.

    «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    2 қосымшаның 10 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Осы Шарт ________жылға, бірақ АЭА және ИА құру және _________ жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жасалды.

    Бұл ретте АЭА қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.».

    5 қосымшаның 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеуі мүмкін мерзімнен аспайды.

    Бұл ретте қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.».

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    А. Бейспеков

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.