Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Калиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.