2024 жылға арналған Құрманғазы ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 33110 болып тіркелді) Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Г. Калиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.