Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 наурыз 2024 ж.

    Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 болып тіркелген) сәйкес, Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының - 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Орал қалалық мәслихатының төрағасы

    Е. Калиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.