«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 наурыз 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32584 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы

    Е. Биржанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 5 наурыздағы

    № 125 Бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары - Қаржы министрінің

    2023 жылғы 25 мамырдағы

    № 538 бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері

    Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­нің тү­рі
    1 (бір) кө­лік құ­ра­лы үшін тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі, АЕК*
    1
    Жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар, элек­трон­дық ке­зек­тің ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сін­де брон­дау кү­ні мен уа­қы­ты­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы өт­кі­зу үшін ер­шік­ті тарт­қы­штар
    1
    2
    Жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар, ке­зек­тен тыс (же­дел­де­ті­л­ген) тәр­тіп­пен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы өт­кі­зу үшін ер­шік­ті тарт­қы­штар
    100
    * АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті жылға белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.