Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 наурыз 2024 ж.

    Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы

    К. Кульджанов

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 4 наурыздағы

    № 33 қаулысына қосымша

    Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    1. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін облыстық бюджетке аудару нормативі келесідей:

    таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
    таза кіріс сомасынан 5 пайыз
    таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
    150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
    таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
    4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
    таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
    34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
    2. Денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
    3. Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігі коммуналдық мемлекеттік басқару органымен келісілген нақты жобалар бойынша кәсіпорынның дамуына бағытталады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.