Сауран ауданының ауданішілік тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 ақпан 2024 ж.

    Сауран ауданының ауданішілік тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Сауран ауданында ауданішілік тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багаждарды автомобильмен тасымалдаудың тарифі 1 километрге 6 тенге көлемінде белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Е.Жангазиевке жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    М.Таңғатаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.