Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 ақпан 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылғы 27 ақпандағы №15-4-1/116 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы ауылының аумағында ірі қара малдарының арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

    2. Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №5 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жойылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Н.Әбдіров ауылдық округінің әкімі

    А. Бейсенбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.