Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
1) 6-бөлім алып тасталсын;
2) келесі мазмұндағы «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:
«Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
С. Шәпкенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.