Кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы №2-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3110 болып тіркелген);
2) «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 2-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыз №26-9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ аудандық мәслихат төрағасы
Б. Акбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.