Мойынқұм аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 ақпан 2024 ж.

    Мойынқұм аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мойынқұм аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Мойынқұм ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы №29-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2383 болып тіркелген) шешімі;

    2) «Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы №29-4 «Мойынқұм ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5009 болып тіркелген) шешімі.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы

    Н. Саурыков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.