Шектеу іс-шараларын алып тастау және Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 45 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 наурыз 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын алып тастау және Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 45 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арыс қалалық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 28 ақпандағы №08-02-03/77 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай ауылы, Қазақстан көшесі № 42 үйіне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

    2. Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 191108 болып тіркелген) № 45 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

    Монтайтас ауылдық округінің әкімі

    Е.Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.