Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қаңтар 2026 ж.

    Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 676-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы

    К. Умаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 28 ақпандағы

    № 11-1-4/71

    Бұйрыққа қосымша

    Қазақтан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері

    Кон­сул­дық iс-әре­кет­тер­дiң ата­уы
    Кон­сул­дақ алым­ның мөл­шер­ле­ме­ле­рі
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның және заң­ды тұ­лға­ла­ры­ның, сон­дай-ақ ше­тел­дік­тер­дің және аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың, ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар­дың ви­за­лар бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­те­рін өң­деу және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­тел­де­гі ме­ке­ме­ле­ріне ви­за­лар бе­ру (ви­за­лық қол­дау) ту­ра­лы нұс­қа­у­лар­ды жол­дау
    бір мәр­те ке­лу - ке­ту
    ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 20%-ы
    екі неме­се одан да көп ке­лу - ке­ту
    ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 50%-ы
    2.
    Құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру (әр­бiр құ­жат үшін)
    ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тің 50 %-ы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.