Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысанын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 ақпан 2024 ж.

    Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысанын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 17-тармағының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысаны бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Кадрлық жұмыс, жауынгерлік және арнайы дайындық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелеуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы

    С. Исабеков

    2024 жылғы 28 ақпандағы

    № 11-41

    Бұйрығымен бекітілген

    Отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісінің үлгі нысаны

    20___ жылғы «____» ___________

    1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген отбасылық жағдайға байланысты

    ____________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні)

    төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу кезінде мынадай құрамдағы комиссия:_________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    оның отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізді.

    2. Қызметкер қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің мекенжайы

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қашан қабылданды_________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қызметке қабылданғанға дейін қайда жұмыс істеген (оқыған)

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________ (лауазымы, ұйымның атауы көрсетілсін)

    5. Өзінің асырауында кімдер бар ___________________________________

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    6. Қызметкердің отбасы құрамы:

    № р/с
    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    Туған күні
    Туыстық қатынасы
    Тұрғылықты жері
    1
    2
    3
    4
    5
    7. Қызметкердің отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі______________
    ____________________________________________________________________
    8. Ата-аналарынан бөлек тұратын ағалары мен әпкелері:
    № р/с
    Тегі, аты,
    әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    Туған күні
    Туыстық қатынасы
    Тұрғылықты жері
    Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы)
    Лауазым, айлық (зейнетақы)мөлшері
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    9. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, тексеру нәтижесінде белгіленген отбасы жағдайы (актіге осы жағдайды растайтын құжаттардың көшірмесі қоса беріледі)
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    10. Қызметкердің отбасылық-мүліктік жағдайына тексеру жүргізген комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары ___________________________
    ____________________________________________________________________
    Комиссия мүшелерінің қолы:
    ________________________
    ________________________
    ________________________
    20___ жылғы «____» ___________
    11. Осы актімен таныстырылған ___________________________________

    ____________________________________________________________________ (қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    20___ жылғы «____» ___________

    Ескертпе: отбасылық-мүліктік жағдайды тексеру актісі қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

    ____________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.