Атбасар ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 ақпан 2024 ж.

    Атбасар ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Атбасар ауданының әкімі

    А.Калжанов

    Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы

    Н.Рахимов

    Бірлескен Атбасар ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 20 ақпандағы

    № а-2/56 қаулысына және

    Атбасар аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 20 ақпандағы

    № 8С 12/2 шешіміне

    қосымша

    Атбасар ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

    Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар
    Оның ішінде
    егістік
    шабындықтар
    жайылымдар
    Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін
    4800
    3300
    30
    1470
    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
    32000
    22000
    2000
    8000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.